Компания жаңалықтары
Компания туралы

Бүгінде «ДАЙМЭКС» курьерлік компаниясының РФ, Қазақстан және Беларусь Республикасының қалаларында 100-ден астам кеңсесі бар.

Компания өз клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынады: ол ел аумағында және бүкіл әлем бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жылдам жеткізу; ең көлемінде жүктерді үнемді жеткізу; сондай-ақ берілген қала ішінде жарнамалық материалдарды көптеп тарату – директ-мейл.

Клиенттерге қолайлы болу үшін, компания бірқатар қосымша қызметтерді әзірлеп қосты, олар: бағытты бұру, сенбілік жеткізілім, жұмыстан тыс уақытта жеткізу, қолма-қол жеткізу, басымды жеткізу, табыс ету туралы хабарламаны жеткізу, құнын жариялап жөнелту, сондай-ақ гүлдер мен сыйлықтарды жеткізу бірегей қызметі.

Жөнелтімдерді барынша сақтау үшін, «Даймэкс» көптеген жылдар бойы бұрыннан шығаратын орам түрлерін жетілдіріп, үнемі жаңаларын ойлап шығаруда.

Атап айтқанда, оның ассортиментінде төменде аталған орам түрлері көрініс тапқан:

Құжаттарға арналған орамдар: пакет, хатқалта;

Қораптар: тубус, шөлмек, кіші, орташа, үлкен;

Неғұрлым нәзік, сынғыш жөнелтімдерге арналған арнайы орамдар бар, олар: кез келген заттардың пішінін қабылдайтын трансформер көбік және ноутбуктарды не планшетті компьютерлерді тасымалдау үшін барынша қолайлы А2 форматты қорап.

DIMEX кеңселері: