10
декабрь
2021
"Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік" тақырыбында потриоттық әндерді орындаудан сайыс
№254 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып апталығының соңғы күнінде бастауыш сынып мұғалімдері Г Жақсыбекова мен Д Джусипованың ұйымдастыруымен "Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік" тақырыбында потриоттық әндерді орындаудан сайыс өтті. Сайысқа қатысушы оқушылар Қазақ елі, Отан және тәуелсіздік тақырыбына әндер орындады. Үздік орындаушыны анықтауда әншілердің сахналық образы, киімі мен әнді сүйемелдеп жеткізуіне ерекше мән берілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.Жалпы апталықты қорытындылау үшін бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Р Садикбекова сөз алып, апталық аясында өткізілген шаралардың барлығы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс дамытуға, яғни оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға мүмкіндік бергендігін және апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене қатысқандығын айта келіп, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттады.