Рухани – адамгершілік тәрбие бағыты бойынша іс - шаралар
Рухани – адамгершілік тәрбие бағыты бойынша бұрыш жабдықталып, қабырға газеттері шығарылды. Айлық бағдарламаға байланысты әр сатыда тәрбие сағаттары, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
«Қарты бар ел-қазыналы ел» тақырыбында 1 қазан - Қарттар күніне «Жас Ұлан» ұйымы №2 қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне барып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Ардагер ұстаздарды құрметтеп, мектепке шақырып, оқушылар арнайы қойылымдар көрсетті.
1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Адамгершілік – ізгілік айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 5-8 сыныптар арасында «Қайырымдылық жасау мүмкіндігі», «Адамгершілік – асыл қазына», «Кішіпейілділік – кісілік белгісі» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. «Рухани – адамгершілік» тәрбие айлығына байланысты 9-11 сынып оқушылары арасында «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.