25
июнь
2018
Мектеп мұражайы
Мектеп тарихы
С.П. Королев атындағы №30 орыс тілді орта мектеп 1973 жылы Жамбыл облысы, бұрынғы Жамбыл қаласы, төртінші мөлтек ауданында ашылды. Мектептің алғашқы директоры ретінде Л.А. Лазан тағайындалды. Білім ордасы - 1200 оқушыға арналып салынған.
1985-1996 жылдар аралығында аталмыш білім ордасына В.А.Пинчук басшылық етті.
Мектеп Тараз қаласы әкімінің 1997 жылғы 25 маусымдағы шешімімен №30орта мектеп болып қайта құрылды. 1996-2002 жылдар аралығында мектептіШайметов Арысланбек Болатханұлы басқарды.
Мектептің білім негізін қалап, қалыптастыру жолында Құрманалиева Жамал, Бекова Тұрсынкүл,Телешова Қалыш, Шәріпбекова Нұрбүбі, Байжигитова Мария, Ажиханова Айша,Игілікова Орынбасар, Жұмабекова Ұлтай, Ермағамбетова Фатима, Тастамбекова Оралбике, Баялиева Нұрсұлусынды ұлағатты ұстаздар еңбек етті.
2002-2017 жылдар аралығында Абдикеримов Бахытбек Тұрарбекұлы мектеп директоры қызметін атқарды.
Мектептің апаттық жағдайына байланысты арнайы құрылған комиссия шешімімен №30 орта мектеп Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысымен "№30 бастауыш мектебі” болып атауы өзгертілді.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа білім ордасы Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 607қаулысымен «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №30 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
№30 мектеп-гимназия жаңа ғимаратының салтанатты түрде ашылу рәсімі 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Салтанат» мөлтек ауданында өткізілді. Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімі Көкрекбаев К.Н., Тараз қаласы әкімі Даулет Р.Р., облыстық білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Р.С, «Нұр Отан» партия өкілдері, маслихат, ата-аналар, қоғам белсенділері және ақпарат өкілдері шақырылды.
Мектеп-гимназияның жобалық қуаты - 1000 орындық. Жаңа мектеп қазіргі заман талабына сай, жаңа техника құралдарымен жабдықталған. Мұнда 1-11 сыныптар арасында 1300-дей оқушыбілім алуда. Мектеп жаңа модификациялы физика, химия, биология, лингафон кабинеттерімен жоспарланып, оқу бөлмелерінде интерактивті тақта қажетті құрылғыларымен жабдықталған. Мәжіліс залы 351 орынға шақталып жасалған. Асханада бір мезгілде 144 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Спортзал бүгінгі күннін талабына сай жабдықталған. Баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, бастауыш мектеп оқушыларына арналған ойын алаңдары қарастырылған. 2 лингофонды-мультимедиалық, 2 информатика кабинеттері, электронды оқу залы мен кітапхана қызмет етеді.
Мектеп ғимараты ашылу салтанаты аясында облыс әкімі Көкрекбаев К.Н облыс көлемінде дарынды оқушылармен кездесу өткізді.
Мектеп-гимназияның білім беру құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, басқару жүйесі қалыптасты. Ұжымда 93 мұғалім қызмет етуде. Олардың ішінде жоғары және І санатты мұғалімдер үлесі 52,7 пайызды құрайды.
Мектеп-гимназияға 2017 жылдың «25» тамызынан бастап Есеева Рахия Райқұлқызы басшылық жасап келеді.