12
октябрь
2021
АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ІЗГІЛІКТЕРІ
Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар комитетінің төраға-төрайымдарымен "Адами қарым-қатынас ізгіліктері" тақырыбында өткен ата-аналар жиналысынан үзіндіні тамашалаңыз. Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әр отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың нығайып білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізуі керек. Болашақ жастардың саналы, тәрбиелі, білімді болып өсуіне ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың рөлі зор деп айтуға болады. Оқушының жеткен жетістігі ата-ана мен мектеп үшін ортақ. Жиын барысында көптеген мысалдар айтылып ата-анлар берілген тапсырмаға сәйкес мұғалім мен ата-ара ролін өздері сомдап жағдаяттан шығуға тырысты. Ата-ана мұғалімді, мұғалім ата-ананы кінәлап жатса одан баланың ұтпасы анық. Кез-келген туындаған мәселені ақылға салып, бірлесе шешуге болады. Ата-аналар мұғалім береген білім мен тәрбиені одан сайын ұштап тәртібін қадағалап, демеу болып отырса ол баланың болашағы жарқын болары сөзсіз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.