29
декабрь
2017
Мектеп директоры А.С.Наурызбаевтың құттықтауы
Құрметті мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар!
Баршаңызды әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызды әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке.
Өтіп бара жатқан 2017 жыл біздің еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды.
Санаулы сағаттардан соң төрімізге енетін жаңа – 2018 жылға қадам басамыз.
Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз.
Жаңа 2018 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей және елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.
2018 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!